Өз болашағымыздың іргетасын қалайық

13.11.2018

Біздің қаламызда Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды. Өңіраралық форум аясында туризм тақырыбына арналған "Туризмді дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер" атты көрме ашылды.

Форумның салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет басшылары қатысты: Қазақстан – Н.Ә. Назарбаев, Ресей Федерациясы-В. В. Путин, сондай-ақ туризм саласының басшылары. Көрмеге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов осындай Форумның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша: "Қазақстан мен Ресей туризм саласында көрсетіп айтатын көп дүние бар. Біз адамдар саяхаттап, бір-бірімізді танып, халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен және әдет-ғұрпымен танысу үшін барлығын жасауға тиіспіз". Біздің колледждің студенттері дәл осы мақсатқа ұмтылады. Олар волонтерлік қозғалысқа қатысады.

Әркім ерікті бола алады. Негізгі талаптар-жауапкершілік, ұқыптылық, сыпайылық, қонақжайлылық, ойды жақсы және сауатты жеткізе білу, төзімділік және ашықтық. Еріктілердің міндеті- форумға қатысушылар өздерін ыңғайлы және жайлы сезінуі үшін, қала қонақтарының Петропавл және форум туралы жағымды пікірлері қалатындай ұйымдастырушылар мен қонақтарға залдағы көмек көрсету,

Петропавл гуманитарлық колледжінің 29 студенті

М. Жұмабаева аталмыш форумға қатысты. Колледж студенттері өздерін біртұтас, ұйымшыл және тіл табыса алатын топ ретінде көрсетті. Колледжде алған білім - Үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлесе білу біздің жастарға үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл шараға қатысу студенттерге өз-өзін жүзеге асыруға, әр мұғалім меңгеруі тиіс жеке қасиеттері мен іскерліктерін "шыңдауға" көмектеседі.

Оқытушылар:

Батрак А. И., Сыздыкова Д. С.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст